«Күйеу баламыз сол жақта қайтыс болған»: Сұлтанның әкесі қызының Сирияға барғанын айтты
Атырау облысында жоғалған отбасы мүшелерінің өліміне күдікті – Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі «Qazaq airan» тілшісі Айдана Мейрамбайқызына сұқбат берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Сұлтан Сәрсемәлиевтің әпкесі Сирияға барып, қайта оралған болып шықты.
«Оны күйеуі алдап алып кеткен дейді. Бала-шағасымен бірге алып кеткен. Қыдырамыз деген... Түркия арқылы кеткен сияқты. Сосын арғы жақта құжаттарын жоқ қып жіберген. Күйеу баламыз сол жақта қайтыс болған дейді. Қазір ол туралы әңгіме қозғамаймыз» , – дейді әкесі.
Самиғолла Сәрсемәліұлы баласына қатысты ауыр айыптауларға сенбейтінін де айтты.
«Бұл деген кәсіби маняктың жасайтың ісі ғой. Өлтіріп, көміп, ізін жасыру деген... Ол марқұмдарға өшпенді болатын көшедегі кісі емес, туған ата-енесі. Мысалы, қасында әйелі жүр. Осыдан кейін айтылып жатқан әңгімелерге қалай сенесің? Оның үстіне, мен оның әкесі болсам. Тіпті төбеден түскендей, айтатын сөз де жоқ», – деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0