Маңғыстауда жас психологтарды тегін оқытуға іріктеу жүріп жатыр
Іріктеу кезеңі 5-тамызға дейін жалғасады.
Маңғыстау облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасының және «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Жастар EQ» әлеуметтік жобасы аясында Маңғыстау облысындағы жастармен жұмыс жасайтын жас психолог мамандарды 5 компоненттік оқытуға іріктеу кезеңі жалғасып жатыр.
Маңғыстау жастарының психологиялық, эмоционалдық тұрғыда дамуына үлес қосып, тегін оқытулар сериясына қатысқысы келетін жастарға төмендегідей талаптар қойылады:
1. Маңғыстау облысында өмір сүріп, қызмет етіп жүрген психолог маман болуы қажет (жеке басын куәландыратын құжат ұсынуы керек);
2. Психолог мамандығына мамандандырылған дипломы немсе арнайы сертификаты болуы маңызды;
3. 1 жылдан кем емес еңбек өтілі барын растау (Еңбек кітапшасының көшірмесін ұсынуы керек);
4. Психология саласындағы жетістіктерін растайтын құжаттарының көшірмесі (Құрмет гармотасы, Алғыс хат, сертификат және т.б. ұсынуы керек);
5. Жоба қатысушы болғысы келетіндігі мен жастарға психологиялық көмек көрсетуге қызығушылығын дәлелдейтін (бір беттен аспайтын) көлемдегі мотивациялық хат;
6. Кәсіби немесе сапалы электронды фото қоса ұсынылуы шарт.
Бес компонентті оқытулар республикалық сарапшылардың қатысуымен өтеді және төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
-эмоционалдық интелектті дамыту
-суицидология -бала психологиясы
-адам дағдарысы -ата-ана мен бала қарым қатынасы
Іріктеу кезеңі 5-тамызға дейін жалғасады. Кез-келген сұрақ бойынша +7 702 903 9168 телефон номеріне хабарласуға немесе Whats’App желісі арқылы хабарлама қалдыруға болады. Іріктеу кезеңінің шарттары мен қорытындысы eq_mangystau.zhastary парақшасында жарияланып отырады.
Сіздің реакцияңыз қандай?