Мәжіліс депутаттарға мінберден құттықтау жолдауға рұқсат берді

Қыркүйек 18, 2025 - 17:16
Мәжіліс депутаттарға мінберден құттықтау жолдауға рұқсат берді
Фото: видеодан скрин

Мәжіліс жуырда өткен жалпы отырыста анасын туған күнімен құттықтаған депутат Ардақ Назаровтың әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Парламенттің төменгі палатасы Ардақ Назаровтың әрекетінен регламент немесе депутаттық этика нормаларын бұзу фактілерін таппағанын мәлімдеді.

"10 қыркүйекте мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауал жариялау кезінде депутат Ардақ Назаровтың анасына жолдаған құттықтауына қатысты депутаттың әрекеті парламент пен мәжілістің регламентін, оның ішінде депутаттық этика нормаларын тікелей бұзбайтынын атап өтеміз", – делінген Tengrinews.kz басылымына берген жауапта.

Мәжіліс бұл баяндаманың "пленарлық отырыс барысына әсер етпегенін және тиісті деңгейде айтылғанын" атап өтті. Демек депутаттарға аналарын мінберден құттықтауға рұқсат етілген. Бастысы Назаров сияқты жөнді түрде құттықтау қажет дейді. Бұл ретте мәжіліс парламенттік мінберді тек мақсатына сай пайдалану керегін қосты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow