Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады

Тамыз 31, 2026 - 13:08
 0  12
Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

 Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды. 

Атап айтқанда, Вице-Президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0