Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратына жаңа басшы келді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының басшысы қызметіне Данияр Мұратұлы Имашев тағайындалды, деп жазады sadaq.kz.
Данияр Имашев С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Ол II сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 2003–2005 жылдары мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде, сондай-ақ Астана қаласының қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау департаменттерінде қаржы саласындағы бас маман қызметтерінен бастаған.
2005–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде еңбек етіп, жетекші маман, бас сарапшы, басқарма басшысы, директордың орынбасары және департамент директоры лауазымдарын атқарған.
Тағайындалғанға дейін Данияр Имашев ҚР Сыртқы істер министрлігінің Валюталық-қаржылық департаментінің директоры қызметін атқарды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0