«Мені қарғағандар барсын»: Мақпал Жүнісова Заманбекке қойылған ескерткіштің ашылуында неге төбе көрсетпегенін айтты

Желтоқсан 3, 2024 - 10:41
«Мені қарғағандар барсын»: Мақпал Жүнісова Заманбекке қойылған ескерткіштің ашылуында неге төбе көрсетпегенін айтты
Фото: Orda.kz / ашық дереккөздерден

Бүгін Алматы облысының Кеген ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған бюсттің салтанатты ашылуы өтті. Тілшіміз сол рәсімге қатысты. Алайда онда Мақпал Жүнісова келмеді. Өзінің Іnstagram парақшасына соның себебін жазды, деп хабарлайды Orda.kz.

Ол Заманбек Нұрқаділовтің шығармаларын жинақтап 2 кітап шығарғанын және жартысын Алматы, Қарағанды, Астана және 19 жыл қайтқан күнінде құран бағыштағанда таратып келгенін хабарлады. Ал кітаптардың қалғанын Заманбек Нұрқаділовтің қалғанын өз еліне жіберіпті.

Ол Instagram парақшасында ескерткіштің ашылу салтанатының бейнежазбасын жариялады. «Неге қатыспадыңыз?» деп сұрағанда оны «көргісі келмейтін ұрпақтары» қатыссын деп шешкенін айтып жауап қатты.

«Мені қарғап, көргісі келмеген Зәкеңнің ұрпақтары болсын деп шештім, кейін Мерей екеуміз барып тағзым жасаймыз, тегін концертті Зәкеңнің рухына бағыштаймын деп отырмын», — деп жауап берді Мақпал Жүнісова. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow