«Миллиардта бір кездеседі»: Бетін түк басқан жігіт Гиннестің рекордтар кітабына енді

Бетіне шаш өскен ерекше түрдегі үндістандық азамат Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол жігіт бала кезінен сирек кездесетін аурумен ауырып, көптеген жылдар бойы өзінің келбетін қабылдай алмаған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Бұрын өз келбетінен қысылған жігіт енді бүкіл әлемге танымал болды. 1 квадрат сантиметрде 201 шаш бар. Трихологтар Гиннестің рекордттар кітабына енгізбес бұрын Лалит Патидардың бетін жақсылап тұрып зерттеді. Бұл үшін жігітке Италияға арнайылап келіп, бірнеше тексерістен өту қажет болған. Сонымен оның бетін әлемдегі ең түгі көп бет ретінде мойындады.
“Мен бұл атақты алғаныма өте қуаныштымын. Ал менің түрімді сынайтындарға ештеңе айтпаймын. Қалай бармын солай өзіме ұнаймын. Келбетімді өзгерткім келмейді”, – деді Лалит Патидар.
Лалита гипертрихоз ауыруына шалдыққан. Бұл ауру шаштың тым көп өсуін тездетеді. Бала кезінде Лалитті үнемі мазақтаған. Қазір ол 18 жаста. Әлі күнге дейін түріне байланысты негативті пікірлер естіп жүрген көрінеді. Алайда қазір бұл оның көңіліне аса тимейді екен.
“Алғашында мектепте өте қиын болды. Себебі ересектер де, балалар да менен қатты қорықты. Кейін олар мен туралы жақынырақ біліп, түрім басқаша болса да, өмірде дәл олар секілді адам екенімді түсінді. Ал отбасым мені әрқашан қолдайды”, – деді Лалит.
Жігіттің мұндай келбеті әлемде өте сирек кездеседі. Миллиард арасында бір жағдай болуы мүмкін.
Сіздің реакцияңыз қандай?






