«Нұрайдын оқиғасы менің басымнан өтіп жатыр»: Қызылодалық бойжеткен өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты

Қаңтар 15, 2026 - 10:36
Қаңтар 15, 2026 - 11:19
 0  68
«Нұрайдын оқиғасы менің басымнан өтіп жатыр»: Қызылодалық бойжеткен өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты
Фото: Жазира Қуанышбайдың парақшасынан алынды

Әлеуметтік желіде Жазира Қуанышбай есімді бойжеткеннің өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы айтылған жазбасы тарады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Тура Нұрайдын оқиғасы менің басымнан өтіп жатыр. Қызылордада тұрамын. Полиция мен прокуратураға арызды 2-3 рет жаздым. Жүрген жерімде 102 шақырып қайтамын немесе жалғыз жүрмеймін. Тек бір ғана жауап – мен тірімін. Прокуратура полицияға ысыра салды, бұндай істі қарамайтының айтты.  Ал полицияға алдына барып бапты, сол адамның барлық дерегін бердім, аңдып жүрген фото-видео дәлел бәрі бар. Сонда да  НОМЕНКЛАТУРАЛЫҚ ІС деп жабылды. Сонда мен Нұрай секілді Құдай сақтасын, қашан өлетінімді күтейін бе? Мен қашан емін-еркін, қорықпай жүре аламын?» ,– дейді ол. 

Жазираның айтуынша, жарты жыл бойы әлгі ер адам үйінің, жұмысының алдында күтіп, мазалайтын көрінеді. Бойжеткен еш алаңсыз үйіме қайтып, қорықпай емін-еркін жүргім келеді дейді. Қауіпсіздік шараларын бамтау үшін Е-өтініш бойынша 2 рет арыз жазған. Ал, полиция қызметкерлері ешқандай қылмыстық іс орын алмағандықтан, бұл іске салғырт қарап отыр. Жазира Нұрай Серікбайдың оқиғасынан кейін қатты қорқып, бұл іске бей-жәй қарамауды өтінді.

«Әрекет жасалып жатыр. Ең өкініштісі полиция қызметкерлері «жігіт болғасын ұнатып жүр ғой, сөйлесіп көрмедің бе?!»,- дейді. Ол адамды ұнатпағасын «ЖОҚ» деп айтылған, сол әрекеттерден кейін болып тұрған жағдайлар. «Жоқ» дегенге түсінбейді»,– дейді.

Желі қолданушылары қызға қолдау білдіріп, «Жігіттің фото-видеосын жариялаңыз. Сізді заң қорғамаса, біз қорғаймыз» , «Сталкингке қарсы заң қабылдануы керек!» , – деп наразылықтарын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0