«Оқушының басы жарылған»: Батыс Қазақстанда мектеп автобусы апатқа ұшырады

Наурыз 31, 2026 - 16:31
app_badging Наурыз 31, 2026 - 17:25
chat_bubble  0 visibility  1
«Оқушының басы жарылған»: Батыс Қазақстанда мектеп автобусы апатқа ұшырады

Бүгін сағат 14:00 шамасында Подстепное кентінде маршруттық және мектеп автобустарының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Самара – Шымкент республикалық автожолымен келе жатқан маршруттық автобус мектеп автобусымен соқтығысып, салдарынан соңғысы инерциямен алда тұрған автокөлікке соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер тіркелді, олардың ішінде балалар да бар. Қаза болғандар жоқ. Барлығына медициналық көмек көрсетілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Маршруттық автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Барлық мән-жай анықталып, әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0