Оқушы қызды жезөкшелікке салған күдіктілердің ата-аналарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Тамыз 14, 2024 - 16:09
Тамыз 14, 2024 - 16:09
Оқушы қызды жезөкшелікке салған күдіктілердің ата-аналарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанда резонанс тудырған іс бойынша кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналарына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.

Polisia.kz жазғандай, Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке салған, оны қорқытқан балалардың ата-аналары да іске тартылған.

Тағы оқыңыз: «Әке-шешеңді өлтіртеміз» – Қызылорда облысында 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікке салған

«Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының орындамауына байланысты күдіктілердің ата-аналарына қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмейді», - деп жазады дереккөз.

Еске салсақ, Қызылорда облысында жас қызды сыныптастары жарты жыл құлдықта ұстап, жезөкшелікке салғаны қазір елде резонанс тудырған жағдайға айналды. Бұл туралы алғашқы ақпаратты НеМолчи қоры жазған. Қордың дерегінше, қатарластары оқушы қызды секс-құлдықта ұстап, айына кемі 3-4 млн теңге пайда тауып отырған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow