Оралда 8 жасар бүлдіршін оқыс оқиғаның құрбаны болды

Тамыз 14, 2026 - 12:16
chat_bubble  0 visibility  1
Оралда 8 жасар бүлдіршін оқыс оқиғаның құрбаны болды
Фото: istockphoto.com

Оралда жеке үйдің аумағындағы септикке құлаған сегіз жасар қыз ауруханада көз жұмды. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 2018 жылы туған қызға қатысты оқиға туралы ақпарат 10 тамызда түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала жеке үйдің аумағында орналасқан септикке құлап кеткен. Қыз ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды.

«Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп мәлімдеді полиция.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0