«Отанды сылдыр сөзбен емес, жүрек көзімен сүю керек» – Бақытбек Смағұл

Наурыз 3, 2026 - 16:19
 0  3
«Отанды сылдыр сөзбен емес, жүрек көзімен сүю керек» – Бақытбек Смағұл
фото: әлеуметтік желіден

«Qazaqstan Ardagerlery» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл әскер мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның айтуынша, әскерге қатысты кез келген мәселе ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық психология және идеологиялық тұрақтылық тұрғысынан қаралуы тиіс.

Бақытбек Смағұл әлем елдеріндегі тәжірибеге тоқталып, дамыған мемлекеттердің басым бөлігінде әскер ұлттың негізгі тірек институты саналатынын атап өтті. Мысал ретінде Израиль, Оңтүстік Корея және АҚШ тәжірибесін келтірді.

Оның сөзінше, бұл елдерде де әскер ішінде суицид, психологиялық күйзеліс және тәртіп бұзушылық деректері тіркеледі. Алайда мұндай жағдайлар жүйені жетілдіруге негіз болып, саяси популизм құралына айналмайды.

Ол Қазақстанда керісінше кез келген оқиғада бірден «әскер кінәлі» деген айып тағылатынын айтып, қоғамда жауапкершілікті жоғарыға ысырып қою үрдісі қалыптасқанын жеткізді. Смағұлдың пікірінше, жас сарбаз 18 жыл бойы отбасы мен қоғамда тәрбиеленеді. Алайда әскерге барған соң барлық мәселені бірден әскери құрылымға жабу дұрыс емес.

Бақытбек Смағұл Қазақстандағы суицид көрсеткіші әскерден тыс ортада да жоғары екенін еске салып, мәселені тәрбиеден, психологиялық иммунитеттің әлсіздігінен, әке институтының әлсіреуінен іздеу қажет екенін айтты.

Сонымен қатар ол сарбазды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген қысым, қорлау немесе заңсыз әрекеттер дәлелденсе, жауапты тұлғалар қатаң жазалануы тиіс екенін атап өтті.

Оның сөзінше, әскер тәртіп пен жауапкершілікке негізделген құрылым болғандықтан, басшылық жауап бермеген жерде сенім болмайды. Бақытбек Смағұл қазіргі кезеңді гибридті соғыс заманы деп атап, әскерге қатысты жалған немесе бұрмаланған ақпарат қоғамда үрей туғызатынын жеткізді.

Экс-депутат ақпараттық шабуылдар ата-аналардың сеніміне әсер етіп, мемлекеттің тірегін шайқалтуы мүмкін екенін айтты. Қорытындысында ол әскерді қоғамның айнасы деп атап, мықты мемлекет құру үшін әскерді соңғы тірек ретінде қарау қажет екенін жеткізді.

Сонымен қатар ұрпақ тәрбиесіне, әке институтын нығайтуға, спорт пен тәртіпті өмір салтына айналдыруға назар аудару керектігін айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0