Павлодар облысында босанған 12 жастағы оқушы сабағын жалғастырады

Тамыз 1, 2024 - 15:50
Тамыз 1, 2024 - 15:53
 0  330
Павлодар облысында босанған 12 жастағы оқушы сабағын жалғастырады

Павлодарда дүниеге сәби әкелген 12 жастағы оқушы қыз сабағын жалғастырады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, таяуда Павлодар облысында 12 жасар оқушы қыз туысынан жүкті болып, босанған еді.

«Павлодарда 12 жасар қыздың босану оқиғасы – өте сирек кездесетін жайт. Бұл ашындыратын әрі алаңдатарлық оқиға екені сөзсіз. Фактіні мектеп педагогтері байқап, бірден әрекет жасаған. Психологиялық, медициналық қызметтер жұмылдырылған. Қылмыстық іс қозғалған. Оқиға қыздың үйінде кәмелетке жасы толмаған жақын туысымен арада болған», – деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Тағы оқыңыз: «Анасы оқи да, жаза да алмайды»: Павлодар облысында босанған 12 жастағы оқушының отбасы туралы тың дерек шықты

Оның айтуынша, мектеп оқушысын зорлаған жасөспірім психиатриялық ауруханада жатыр.

Нақты сараптамалар жүргізілуде.

«Бұл жайт Бала құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында тұр. Оқушы қыз сабағын жалғастыратыны сөзсіз. Психологиялық және педагогикалық та көмек көрсетіледі. Балалардың білім алу құқығы Конституциямен қорғалған», – деді Насымжан Оспанова.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0