Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты

Маусым 30, 2026 - 10:44
app_badging Маусым 30, 2026 - 10:54
chat_bubble  0 visibility  3
Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты
Фото: policia.kz

Павлодарда Mitsubishi Carisma көлігінің жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жол апаты бүгін, 29 маусым күні, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында болған. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген фото және бейнематериалдар жарияланды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Кейін жарықтандыру бағанасы мен автобус аялдамасына соғылып, автокөлік аударылған. Оқиға салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталуда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0