«Самұрық-Қазына» мен Sport Qory Президент кубогын қолдады

Nomad Table Tennis Academy ұйымдастырған Президент кубогы спортшыларға жарыс алаңында бақ сынап, жаңа белестерге ұмтылуға жол ашты.

Қыркүйек 20, 2026 - 17:55
 0  5
«Самұрық-Қазына» мен Sport Qory Президент кубогын қолдады
Фото: дереккөз

Nomad Table Tennis Academy үстел теннисінен Президент кубогын ұйымдастырды. Турнир жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, олардың жарыс тәжірибесін арттыруға мүмкіндік берді, деп жазады Sadaq.kz.

Үстел теннисі жылдамдықты, дәлдікті және ойын барысын дұрыс бағамдай білуді талап етеді. Мұндай жарыстарда спортшылар өзара бәсекеге түсіп қана қоймай, тәжірибе жинап, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алады. Ал академия үшін Президент кубогы – үстел теннисін дамытуға және жас спортшыларды қолдауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Турнирдің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры. Олардың қолдауы бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға үлес қосады.

Nomad Table Tennis Academy ұйымдастырған Президент кубогы спортшыларға жарыс алаңында бақ сынап, жаңа белестерге ұмтылуға жол ашты.

Nomad Table Tennis Academy Президент кубогын өткізуге қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына және Sport Qory спортты қолдау қорына алғыс білдіреді. Сіздердің қолдауларыңыз турнирді ұйымдастыруға және жас спортшыларға өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік берді. Спортты дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да ортақ бастамалар жалғасын табады деп сенеміз.

Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (@samrukkazyna_official). Серіктес – Sport Qory спортты қолдау қоры.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0