Шетелдіктерді Ресейге заңсыз өткізетін қылмыстық топ құрықталды
Қылмыстық топты Қазақстан азаматы ұйымдастырған.
Ресейде мемлекеттік шекараны кесіп өткен шетелдіктерді алып жүрумен айналысқан ер адам сотталды. Ол Қазақстанда әрекет еткен топтың басқа мүшелерін атамады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Орынбор облысы Первомай аудандық соты жергілікті тұрғынды Ауғанстаннан келген заңсыз мигранттарға көмектескені үшін бір жылға бас бостандығынан айырды. Белгілі болғандай, ол шекара маңындағы ауылда тұрып, шетелдіктерді шекарада күтіп алған. Кейін ол оларды ірі қалаға дейін алып жүрген, деп жазады Степь.
Сот мәліметінше, Ауғанстанның бес азаматы Ресейге кіруге құқығы болмағандықтан, бақылау-өткізу бекеттерін айналып өтіп, шекараны жаяу кесіп өткен. Айыпталушы оларды күтіп алып, өз көлігімен алдын ала келісілген орынға жеткізіп, қылмыстық топтың басқа мүшесіне тапсырған.
Сот барысында қылмыстық топты Қазақстан азаматы ұйымдастырғаны анықталды. Алайда оның кім екені және топтың басқа мүшелері туралы мәліметтер белгісіз.
Мигранттар мәселесі
Қазан айының басында Ресей үкіметі заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласында заңды қатаңдату жобасын қарастырды. Жобаға сәйкес, ел аумағында заңсыз болу қылмыс жасаған жағдайда ауырлататын мән-жай ретінде есептелуі мүмкін.
Сіздің реакцияңыз қандай?