«Сиыр сауу - нағыз релакс»: депутат Қарақат Әбден сиыр сауды
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Bizdin Auyl отбасылық шаруа қожалығында болып, сиыр сауды, деп хабарлайды Politico.kz.
Депутат өзінің желідегі парақшасында сиыр сауған видеосын бөлісті.
«Бәріміз ауылдан шыққанбыз, ауылдың топырағынан нәр алып, еңбек етіп Адам болдық! Сиыр сауып бір рахаттанып қалдым! Нағыз релакс осы емес пе?!» — деп жазды депутат.
Желі қолданушылары депутат әйелдің бұл өнеріне тәнті болып, қолдау көрсетті.
«Қарақат Жақсылыққызы жан жақты», «Осы кезде таза ауыл болып тұр ғой», «мына сиырдың арманы жоқ», «депутат сауыншы болса, жаман емес» және «депутатардың бәрі осындай болса ғой» деп жазды желі қолданушылары.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0