«Сол жақ қабырға тұсы тесілген»: Сотта Марқұм Шерзаттың дене жарақаттары көрсетілді

Мамыр 21, 2025 - 17:09
«Сол жақ қабырға тұсы тесілген»: Сотта Марқұм Шерзаттың дене жарақаттары көрсетілді
Фото: видеодан скрин

Шерзат Полат қазасына қатысты сот отырысында прокурор мәйітті тексеру хаттамасын оқыды. Онда марқұмның алған жарақаттары мен киген киімі қандай болғаны айтылды, деп хабарлайды saDaq.kz.

Прокурор Дана Сәрсенбай Шерзат Полаттың денесіндегі жарақаттарды сипаттады.

“4 қазанда Шерзат Полаттың мәйіті Алматы облысы, Талғар қаласы, Талғар аудандық орталық ауруханасынан табылған. Ол көк зембілде арқасымен жатқан. Бойы 170-175 см. Аяқ-қолы дене бойымен тік созылып жатқан. Оң жақ бетінде қызыл-қоңыр түсті қан дақтары және көгерген іздер бар. Мәйіттің үстінгі ернінде қызыл-қоңыр түсті қан дақтары бар. Сол қолының бесінші саусағында 1 см жарақат бар. Мәйіттің оң қолының білек тұсында 2 см жарақат орны бар. Мәйіттің арқасының сол жақ қабырға тұсында 2-2,5 см өткір затпен кесілген, сұғылмалы-кесілмелі жарақат орны бар. Мәйітті тексерген кезде басқа да көзге көрінетін дене жарақаттары анықталмады”, – деді прокурор.

Шерзат Полаттың денесін тексеру барыссында жанында киімдері де анықталды.

“Күлгін түсті спорттық кофта. Кофтаның артқы сол жақ бөлігінде қызыл-қоңыр түсті қан дақтары бар. 2-2,5 см болатын өткір затпен кесілген тесік орналасқан. Ақ түсті футболканың сол жақ артқы және алдыңғы жағында қызыл-қоңыр түсті қан дақтары бар. 2-2,5 см болатын өткір затпен кесілген тесік орналасқан. Спорттық шалбары қара түсті және сол жақ бөлігінде қолтырауын белгіленген. Іш киімі көк түсті, ақ шұлығы мен бір дана спорттық аяқ киім бар. Бұл киімдер бір дана полиэтилен пакетке салынды”, – деді прокурор.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow