«Сотта кездесеміз»: Той қонағы биші қызға қол көтерген

Тамыз 26, 2026 - 14:23
chat_bubble  0 visibility  12
«Сотта кездесеміз»: Той қонағы биші қызға қол көтерген
фото: видеодан скриншот

Той кезінде қалыңдықты қорғап тұрған биші қызға қонақтардың бірі қол көтерген. Бұл туралы продюсер Бекзат Кибраева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды sadaq.kz. 

Продюсердің айтуынша, оқиға қыз ұзату рәсімі кезінде болған. Бишілер қалыңдықты қорғап, оның алдына адамдарды өткізбей тұрған.

Алайда осыған байланысты той қонақтарының бірі биші қыздарға қоқан-лоқы көрсетіп, күш қолданған.

«Қызды ұзатып жатқанда өткізбегені үшін оларға қоқан-лоқы жасап, ұрып, шешесімен қосылып... Қызға өткізбегені – бишілерге берілген тапсырма. Сен сияқты ішіп алған адамдардан сақтау үшін», – деп жазды Бекзат Кибраева.

Продюсер оқиғаға қатысты бейнежазбалар бар екенін айтып, кінәлілердің жауапқа тартылуы мүмкін екенін жеткізді.

«Біріншіден, продюсер тұр, бәрін көрген. Екіншіден, қолымызда видеолар тұр, дәлел ретінде. Үшіншіден, ата-ана тұр. Төртіншіден, заң тұр. Бесіншіден, куәгерлер тұр. Сотта кездесеміз», – деді ол.

Оқиғаға қатысты әлеуметтік желі қолданушылары да пікір білдірді. Көпшілік күш көрсетуге жол бермеу керегін айтып, биші қыздарды қорғауға шақырды.

«Жауапқа тарту керек! Ешкімнің күш көрсетуге қақысы жоқ. Үкідей бүлдіршін қыздарға қорған болар бір жан табылмады ма?» – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір пікір қалдырған адам бишілердің қалыңдықты қорғау үшін адамдарды өткізбей тұрғанын атап өтті.

«Көп қыздар бәрі жұлқылап сүйіп, сәукелесі құламасын деп бишілерден ешкімді өткізбей коридор жасап тұруды сұрайды», – деді ол. Оқиғаның нақты мән-жайы, сондай-ақ құқық қорғау органдарына арыз берілген-берілмегені әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0