Сұлтан Сәрсемалиев сотта ата-анасын көріп, көз жасын тыя алмады
Атырауда Жангелдин ауылында болған отбасы қылмысына қатысты сот процесі жалғасуда. Іс бойынша айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот отырысында бүгін оның ата-анасы куәлік берді, деп хабарлайды sadaq.kz «24KZ»-ке сілтеме жасап.
Сотта әкесі Самиғолла Сәрсемалиев ұлын сабырлы, отбасына жауапты адам ретінде сипаттап, оның зиянды әдеттері болмағанын айтты. Сұлтан шылым шекпеген, насвай қолданбаған, құмар ойындарға қызықпаған және жанжалдан аулақ жүрген.
«Сұлтан жастайынан өз ісіне тиянақты, сөзіне жауап бере алатын бала болып өсті. Тәртібі де жақсы болды» деді сотталушының әкесі.
Сот барысында Сұлтан Сәрсемалиев әкесінің сөзін естіп, көз жасына ерік берді.
Сондай-ақ, Самиғолла Сәрсемалиевтің айтуынша, Сұлтан мен оның бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева арасында ешқандай елеулі жанжалдар болғанын да байқамаған.
«Мен оның ешқашан әйеліне қол көтергенін немесе тіпті дөрекі сөйлегенін көрген емеспін», – деді әкесі.
Айыпталушының әкесі оқиғаға қатысты нақты қорытынды жасаудан бас тартып, кінәні сот анықтайтынын жеткізді. Ал анасы Гүлнар Азмуханова жауап беруден бас тартып, бұрынғы тергеу айғақтарын растады.
Сот залынан шығар алдында ол ұлына күшті болуға шақырып, балаларын ойлауды еске салды.
«Сен бұл өмірде көп қиындық көрдің. Мықты бол. Балаларың үшін күрес. Мен оларға сенің әке екеніңді айтамын», – деді анасы.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0