Таразда автобус жүргізушісі ішіп алып жолаушы тасымалдаған

Қыркүйек 26, 2025 - 13:38
chat_bubble  0 visibility  19
Таразда автобус жүргізушісі ішіп алып жолаушы тасымалдаған
Фото: видеодан скрин

Таразда полиция қызметкерлері алкогольдік мас күйде жолға шыққан автобустың жүргізушісін тоқтатты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "Қауіпсіз жол" атты жедел-профилактикалық шара барысында құқық қорғаушылар күдік туғызған жолаушылар автобусын байқап, оны тексеру үшін тоқтатқан.

Тексеру барысында №17 маршруттағы автобустың 55 жастағы жүргізушісі мас күйде болғаны анықталды. Медициналық тексеру оның қанында алкоголь бар екенін растады.

Осылайша жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, 15 күнге қамауға алынды және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

"Жүргізушінің мас күйде көлік жүргізуі жолдағы қауіпсіздікке нақты қауіп төндіреді және қатаң жауапкершілікке әкеп соқтырады", – деп ескертті полиция қызметкерлері.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0