Yenlik COLORS жобасындағы алғашқы қазақстандық әнші атанды

Қаңтар 12, 2026 - 17:49
Қаңтар 12, 2026 - 17:50
 0  5
Yenlik COLORS жобасындағы алғашқы қазақстандық әнші атанды
https://music.yandex.ru/artist/9656384

Yenlik — Берлинде орналасқан COLORS әлемдік музыкалық платформасында өнер көрсеткен тұңғыш қазақстандық артист. Миллиондаған тыңдармандары бар бұл жоба минималистік live-түсірілімдерімен танымал.

Yenlik-тің Billie Eilish, Drake, Jorja Smith, H.E.R. сынды әлемдік жұлдыздар өнер көрсеткен COLORS сахнасына шығуы — Қазақстан музыка индустриясы үшін маңызды тарихи сәт. Артист R&B, хип-хоп және поп жанрларын қазақ тілінде шынайы әрі заманауи жеткізеді.

Әнші бір сұхбатында бастапқыда команда COLORS-қа бірнеше рет өтініш бергенімен, іріктеуден өте алмағанын айтты. Алайда арада уақыт өткен соң, COLORS ұйымдастырушылары өздері хабарласып, жобаға қатысуды ұсынған. Yenlik бұл сәтті үлкен қуанышпен қабылдағанын айтып, шақырту алған кезде жылап жібергенін де атап өтті.

Орындаушының сөзінше, жобада таңдалуына оның музыкалық стилінің ерекшелігі мен қазақ тілінде ән айтуы әсер еткен.

Yenlik-тің COLORS жобасындағы өнері бүгін, 12 қаңтар күні сағат 22:00-де жарық көреді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0