Ұлыбритания Иранға соққы жасау үшін АҚШ-қа өз базаларын беріп, украин мамандарын тартпақ
Ұлыбритания билігі АҚШ-қа ирандық зымырандар сақталатын қоймалар мен оларды ұшыратын қондырғыларға соққы жасау үшін өз базаларын пайдалануға рұқсат берді, деп хабарлайды «Украинская правда» мәліметіне сүйенген Sadaq.kz.
Британ премьері Кир Стармердің айтуынша, бұған дейін Лондон Иранға қарсы соққыларға тікелей қатыспаған. Алайда Иран тарапы аймақтағы британ азаматтары мен одақтастарын үлкен қауіпке итермелеп отыр. Сондықтан бұл шешім тек қорғаныс мақсатында және зымырандарды шыққан жерінде жою үшін қабылданған.
«Қауіпті тоқтатудың жалғыз жолы — зымырандарды қоймаларында немесе ұшыру қондырғыларында тұрғанда жою», — деді Британия премьері.
Премьер бұл қадам Ұлыбританияның соғысқа араласуын білдірмейтінін атап өтті. Оның сөзінше, Лондон тек аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қолдайды.
Сонымен қатар, Ұлыбритания Парсы шығанағындағы ирандық дрондарды (БПЛА) атып түсіру үшін Украина мамандарын тартуды жоспарлап отыр. Бұған дейін Украина тарапы да ирандық «Shahed» дрондарына қарсы күрес тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін мәлімдеген.
Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағында ауқымды операция жүргізгені хабарланған. Одан кейін аймақтағы жағдай шиеленісе түсті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0