Ұлытау облысының жаңа әкімі болып Есет Байкен тағайындалды

Шілде 17, 2026 - 14:02
chat_bubble  0 visibility  3
Ұлытау облысының  жаңа әкімі болып Есет Байкен тағайындалды
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша орта арнаулы және жоғары білім алған. Сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білімін тәмамдаған. Құқықтану және қаржы бакалавры.

Мансабы:

12.12.2008 - 18.02.2009 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жсопарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы м.а., Астана қаласы;

18.02.2009 - 16.07.2009 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің  жетекші маманы, Астана қаласы;

16.07.2009 - 28.10.2010 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің  бас маманы, Астана қаласы;

28.10.2010 - 23.11.2010 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;

23.11.2010 - 07.03.2013 ж. – Астана қаласы әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;

07.03.2013 - 26.08.2013 ж. – Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, Астана қаласы;

26.08.2013 - 08.08.2016 ж. Астана қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, Астана қаласы;

09.08.2016 - 01.08.2017 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Хатшылығының сарапшысы, Астана қаласы;

02.08.2017 - 31.01.2019 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы  бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы;

01.02.2019 - 03.07.2019 ж. - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі;

29.08.2019 - 2020 ж Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы;

14.10.2020 - 02.2022 ж - «Сарыарқа» ауданының әкімі.

09.02.2022 - 19.09.2022 ж. - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

19.09.2022 ж. - қазіргі уақытқа дейін – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0