«Ұлттық қауіпсіздік комитеті анықтасын»: Заңгер Путин мен Назарбаевтың кездесуі күмәнді екенін айтты
Зеңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде ел ішіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылық білдірді, деп жазады sadaq.kz.
Ол Путин мен Назарбаевтың кездесуін тілге тиек етіп, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне шүйлікті.
"Зейнетке кеткен атам өз халқының бейбіт өмірі үшін тыныш жатқанын қалаймын. Ал бұл кісіні Владимир Путинге қайта-қайта кім жіберіп жүргенін Ұлттық қауіпсіздік комитеті анықтауы керек. Бұрын 16 желтоқсан таяғанда үрейленетін едік, енді қанды Қаңтар қайталанбасын деп алаңдап отыратын күйге жеттік. Қаңтар айының дәл алдында ұйымдастырылып отырған бұл кездесудің пиғылы күмәнді. Уақыты да, саяси салмағы да халықты алаңдатпай қоймайды. Егер осы кездесуден кейін ел ішінде тағы бір көтеріліс немесе тұрақсыздық орын алса, оның нақты себепкері кім болғанын халық анық білуі тиіс.
Күнделікті күйбең тіршілікпен жүрген, саясаттың ішкі астарынан хабары жоқ қарапайым халық көп нәрсені терең түсіне бермейді. Ал елде неге түбегейлі өзгеріс болмай жатыр деген сұрақтың жауабы біреу — іштен кедергі келтіріп отырғандар аз емес. Сондықтан, Қазақ елі! Әлеуметтік желідегі арандатушы ұрандарға, күмәнді үндеулерге ермеңіздер! Еліміздің тәуелсіздігін сақтау — оңай жол емес, ол әрқайсымыздың саналы ұстанымымызды талап етеді. Маңғаз Маңғыстауым, Шырайлы Оңтүстігім, Сабырлы Солтүстігім — бөлінбейік, арандатуға ермейік! Бірлік бар жерде ғана тұрақтылық бар. Ал тұрақтылық — тәуелсіздіктің тірегі", - деп жазды заңгер.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0