Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді
Сәбидің екі басы мен екі мойны болғанымен, денесі, екі қолы және екі аяғы ортақ.
Үндістанның Одиша штатында жүктіліктің 32-аптасында екі басы бар нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Sadaq.kz. NDTV басылымына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің мәліметінше, сәбидің екі басы мен екі мойны болғанымен, денесі, екі қолы және екі аяғы ортақ. Ол Берхампур қаласындағы аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, қазір мамандардың бақылауында.
Медицинада мұндай сирек даму ерекшелігі "дицефалиялық парапаг" деп аталады. Дәрігерлер нәрестенің жағдайын тексеріп, алдағы емдеу шараларын анықтап жатыр.