«Үсті-басы қан-жоса, кейбірінің шашы жоқ болды»: Куәгер Щучинсктегі жойқын жарылыс туралы айтып берді

Ақпан 27, 2026 - 13:14
Ақпан 27, 2026 - 13:20
 0  3
«Үсті-басы қан-жоса, кейбірінің шашы жоқ болды»: Куәгер Щучинсктегі жойқын жарылыс туралы айтып берді
Фото: видеодан скрин

Щучинсктегі “Центр плова” дәмханасындағы жарылысты  көрген куәгер оқиғаның қалай болғанын сипаттап айтып берді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Жарылыстың куәгері Әлібек Belles.kz порталына берген сұхбатында оқиғаның бір секундтың ішінде өршігенін айтты.

«Қатты жарылыс болды, әйнектер дірілдеді. Сыртқа шыққан кезде бәрі жанып кетті. Барлық аспаздар мен қызметкерлер қарға аунағандай күйде еді. Көпшіліктің үсті- басы қан-жоса, кейбірінің шашы жоқ болды. Адамдар жалаңаяқ жүгіріп шықты», – деді Әлібек. 

Ол сол оқиғада досынан айырылғанын, ал әпкесінің денесінің 80%-ы күйік шалғанын жеткізді. Жарылыс кезінде дәмхана маңынан өтетін адамдар да жарылыс толқынынан құлаған. 

Қазіргі уақытта төтенше жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0