«Үй қамақта болуы тиіс еді»: Шерзат ісі бойынша айыпталушылардың бірі жеті жылға сотталған болып шықты

Азамат Токтаубаев — бұған дейін басқа адамға шабуыл жасағаны үшін түрме жазасын алған. Талғар қаласында жасөспірімді өлтірген күні ол үй қамақта болуы тиіс еді.

Мамыр 14, 2025 - 10:26
Мамыр 14, 2025 - 11:05
«Үй қамақта болуы тиіс еді»: Шерзат ісі бойынша айыпталушылардың бірі жеті жылға сотталған болып шықты

Шерзат Болаттың өлімі бойынша айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін сотталған. Талғарда жасөспірім өлтірілген күні Азамат Тоқтаубаев үй қамақта болуы керек еді. 

Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы Tengrinews.kz сауалына берген жауабында мәлімдеген. 

24 жастағы Азамат Тоқтаубаев орташа қауіпсіздік колониясында жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл туралы ол Шерзат ісіне қатысты алғашқы сот отырысында айтты.

Азамат Тоқтаубаевқа 2024 жылғы 17 қазанда үкім шыққан, яғни Шерзат өлтірілгеннен кейін екі аптадан кейін шығарылған.

"Талғар аудандық сотының 2024 жылғы 17 қазандағы үкімімен А.М. Тоқтаубаев ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі 7-тармағы бойынша (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, бұзақылық ниетпен) бас бостандығынан айыру жазасына сотталды", - деп жазылған Алматы облысының прокуратурасы жауабында.

Қайғылы оқиға болған күні Азамат Тоқтаубаев қандай себеппен бостандықта жүрген?

"Тергеу барысында Талғар аудандық тергеу сотының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен күдіктіге қатысты екі айға дейін, яғни 2024 жылғы 14 ақпанға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Кейін тергеу сотының 2024 жылғы 6 ақпандағы қаулысымен Тоқтаубаевқа қатысты бұлтартпау шарасы қамауда ұстаудан үй қамаққа ауыстырылды", - деді прокуратура өкілдері.

Азамат Тоқтаубаев 2000 жылы туған. Үйленген. Орта білімі бар. Өзінің айтуынша, жеке кәсіпкер болған. Қазір Шерзат ісі бойынша айыпталушы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow