«Ұйқыдан жылап оянғаны үшін...»: Шымкентте әпкесінің баласын өлтірген әйел сотталды

Қаңтар 24, 2025 - 11:21
«Ұйқыдан жылап оянғаны үшін...»: Шымкентте әпкесінің баласын өлтірген әйел сотталды

30 жастағы әйел ұйқыдан жылап оянғаны үшін 6 жасар қыздың аяқ-қолын байлап, ұрып-соғып, артынан суға толы ваннаға тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды El.kz.

Жантүршігерлік оқиға Шымкентте 2024 жылы болған. Әйел қатты соққысынан балақай есінен танып құлаған. Соңында ол туған әпкесінің баласын су толтырылған ваннаға жатқызып, тұншықтырып өлтірген.

Айыпталушы сотта қасақана жасаған әрекетін мойындамай, тіпті жеңіл жаза беруді сұраған.

Прокурор Қ.-ға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім бергенін және қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын және жеңіл жаза тағайындауды сұрады, – делінген Шымкент қалалық сотының хабарламасында.

Сот қылмыскер әйелдің жеңілдік сұраған өтінішін қабылдаған жоқ. Оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Енді ол 50 жасқа дейін жазасын қатаңдығы орташа мекемеде өтейді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow