«Жағдай 102-ге дейін жетті»: Төреғалидің қарындасы бала күтушілерінің ұрлық жасағанын айтты

Наурыз 17, 2025 - 17:29
«Жағдай 102-ге дейін жетті»: Төреғалидің қарындасы бала күтушілерінің ұрлық жасағанын айтты
Фото: жеке парақшасынан

Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі жинап жүрген ақшасынан айырылын қалғанын айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Блогердің сөзінше, бала күтушілері бөлмесінен ақша ұрлап, жағдайды 102-ге дейін жеткізген.

«Бір күннің ішінде екі бала күтушім де орнын босатты. Қысқасы бөлмемнен үлкен көлемде ақша жоғалды. Бірнеше миллион теңге… Қалай болғанын ашып айтып, жариялап ештеңені ушықтырғым келмейді. Үй көмекшілерімнің де атын атап, түсін түстемеймін. Себебі мен ондай адам емеспін. Он бәленің тоғызы тілден. Инстаграмға ештеңе білдірмегеніммен бір нянямның ұзын тілінің арқасында жағдайды 102-ге дейін алып бардым», — деп жазды ол.

Дина Төреәлінің жазуынша, бала күтушісі көңіліне тиетін сөздер айтқан.

«Білесіздер ме… Қолының сұғанағы бар адам менің шаңырағымда жүріп ақша ұрлағанына емес… Баламды сеніп тапсырып жүргенім үшін жүрегім қатты ауырып, бойымды қорқыныш билеп кетті. Екеуінің қайсы алғаны бір Аллаға ғана аян. Қасиетте Рамазан айында міне, осындай жағдай. Мен баламды босанып жүріп, ұйықтамастан жұмыс істеп тапқан адал еңбегім еді. Сумкаммен бірге алып кетті. Аптасына 80-90 мың аванспен ақшасын алып жүрген няням: «Айлығымды әрең бересің, өтірік жоғалттым деп жала жауып сен шығар жалған айтып отырған», — деген неше түрлі естіген сөздерден көңілім қалды», — дейді Дина Төреәлі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow