«Сөмкесі 250, көйлегі 800 мың теңге»: Денсаулық сақтау министрі бренд киімдері мен сөмкесін қандай ақшаға алғанын айтты

Ақпан 28, 2024 - 14:19
Ақпан 28, 2024 - 14:27
«Сөмкесі 250, көйлегі 800 мың теңге»: Денсаулық сақтау министрі бренд киімдері мен сөмкесін қандай ақшаға алғанын айтты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің әлеуметтік желіде жариялаған суреттеріндегі Dolce & Gabbana брендінің көйлегі мен қымбат сөмкелеріне қанша ақша жұмсағаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

Журналистер министрден ондай қымбат брендтерден киіну үшін қанша жалақы алу керек екенін сұрады.

«Брендтердің жанкүйерімін деп айта алмаймын. Менің киім толған гардеробым жоқ. Фотодағы сөмке қарапайым қыздардың да қалтасы көтеретін сөмке, бағасы 250 мың теңге. Ал көйлекті өзімнің мерейтойыма еңбек демалысымда алған ақшаға сатып алдым. Құны есімде жоқ, 800-900 мың теңгенің арасында», – деді Әлназарова.

Министр өзінің жаңа қызметтегі жалақысы туралы сұраққа да жауап берді.

«Мен әлі жалақы алған жоқпын, бірақ көп болады деп ойламаймын», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow