«Адамдардың миы шіріп жатыр» – Нейробиолог
Бірнеше апта бұрын Оксфорд университеті жыл сөзі ретінде brain rot (ми шірігі) тіркесін жариялады. Бұл сөз тіркесі көп адамды ойландырды. Десе де америкалық нейробиолог Fox News телеарнасында бұл жұмбақтың шешімін айтты. Бұл туралы sadaq.kz "Московский комсомолец" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Нейробиологтың айтуынша, миымызда хабенула деп аталатын шағын, бірақ маңызды аймақ бар. Мидың бұл бөлігі шешім қабылдау және мотивация сияқты маңызды дүниелерге жауап береді. Тіпті ол мотивацияны қосып, өшіре алады. Хабенула әлеуметтік желілердегі алаңдаушылық пен негативтен шаршап, құтылғыңыз келген кезде іске қосылады. Нәтижесінде адамның бұл күйден шығуы қиын. Өйткені хабенула мотивацияны өшіріп тастайды.
Адам пайдалы іспен айналысу керегін біледі, бірақ әлеуметтік желідегі видеодан бас ала алмай отырғандағы күйге хабенула жауап береді. Салдарынан есте сақтау қабілеті нашарлайды. Адам зейінін де, өмір сүруге деген құлшынысын да жоғалтады. Осылайша ми "шіриді".
Сіздің реакцияңыз қандай?