Ақмолада 75 тонна жем-шөп жанып кетті
Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Sadaq.kz.
Тілсіз жау Астраханка ауылының аумағындағы ЖШС-лардың бірінде тұтанған.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер шөпті бөлшектеп, мұқият сулау жұмыстарын жүргізіп, өртті толықтай сөндірген. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. ТЖД мамандары шамамен 75 тонна ірі жемшөп жанғанын хабарлады.
ТЖД шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстардан және жолдардан барынша алыс жерде сақтау қажет екенін мұқият ескертеді.
Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу керегін де қаперде ұстауды ұсынады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0