АҚШ Кубаға қатысты ықтимал әрекеттерге дайындалуда – БАҚ

Сәуір 16, 2026 - 09:32
chat_bubble  0 visibility  1
АҚШ Кубаға қатысты ықтимал әрекеттерге дайындалуда – БАҚ
Фото: depositphotos.com

АҚШ Қорғаныс министрлігі Кубаға қатысты ықтимал іс-қимылдарға дайындық жүргізіп жатыр. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Пентагон өкілдері мәлімдеді.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, олар нақты сценарийлерге қатысты болжам жасамайды, алайда күтпеген жағдайлар туындаған кезде әрекет ету жоспары бар және Дональд Трамптың бұйрықтарын орындауға дайын.

Бұған дейін USA Today басылымы дереккөздерге сілтеме жасап, АҚШ әскери ведомствосы Кубаға қатысты ықтимал операцияға дайындықты бастағанын жазған. 13 сәуір күні Ақ үй басшысы АҚШ Иран мәселесін шешкеннен кейін Кубаға да «назар аударуы мүмкін» екенін мәлімдеген. Ал Куба президенті Мигель Диас-Канель өз кезегінде ел халқы мемлекетін қорғауға дайын екенін айтты.

Сонымен қатар, ол Вашингтонмен келісімге келу қиын, бірақ мүмкін екенін атап өтті. Жыл басында Трамп Кубаға мұнай жеткізетін елдерге баж салығын енгізуге мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойған. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке қауіп бар деген себеппен төтенше жағдай жариялаған.

Содан бері Кубада жанармай тапшылығы күшейіп, электр қуаты жиі өшірілуде. Аралда наразылық акциялары да болып тұрады. Куба билігі мұны АҚШ-тың экономикалық қысымы деп бағалап отыр.

The Wall Street Journal басылымы АҚШ әкімшілігі 2026 жылдың соңына дейін Кубада билік ауысуын көздеуі мүмкін екенін жазған. Алайда АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0