«Ақтау маңындағы ұшақ апатының барлық дәлелі жиналды» - Әзірбайжан Бас прокуроры
Қазақстан мен Ресейдің тиісті органдары – прокуратура, құқық қорғау органдары Ақтау маңында Баку-Грозный бағытымен ұшып шыққан «Әзербайжан әуе жолдарының» ұшағының апатқа ұшырауына байланысты бірлескен тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Trend ақпарат агенттігіне Әзірбайжанның Бас прокуроры Кямран Әлиев айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Оның сөзінше, президент Ильхам Әлиевтің тапсырмасы мен нұсқауымен барлық тиісті мемлекеттік құрылым Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апатын тергеу үшін мобилизацияланып, өз міндеттеріне сәйкес жұмыстарын атқарып жатыр.
Әуе апаты дерегі бойынша Ресей, Қазақстан және Әзірбайжанда қылмыстық істер қозғалды. Қазақстан, Әзербайжан және Ресейдің тиісті құрылымдары дәлелдерді жинады, олар кейіннен кінәлі адамдарды анықтау үшін бірлесіп талданады.
Қазір Ресейдің Тергеу комитеті мен Бас прокуратурасы осы бағытта тиісті тергеу іс-шараларын жүргізу үстінде, деді ол.
Айта кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Баку-Грозный бағытымен ұшып шыққан Embraer 190 жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайынан 3 км қашықтықта апатқа ұшыраған еді. Қираған Embraer 190 ұшағында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған, жалпы 67 адам.
Оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алған. Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз.
Сіздің реакцияңыз қандай?