Актер Рүстем Жаныамановтың тұңғыш ұлы қайтыс болды

Маусым 2, 2026 - 09:14
chat_bubble  0 visibility  0
Актер Рүстем Жаныамановтың тұңғыш ұлы қайтыс болды
фото: әлеуметтік желіден

Актер Рүстем Жаныаманов пен жұбайы Жанаргүл Жаныаманова ауыр қайғыға душар болды. Өнерлі отбасының тұңғыш ұлы Нұрмұхаммет өмірден өтті. Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде жариялап, марқұмның жақындарына көңіл айтты.

«Біздің Рүстем Жанаманов пен Жанаргүл тұңғыш ұлы Нұрмұхаметтен айырылып қалды. Бала бауыр еттен, бұндайда жұбататын сөз табу да оңай емес Бекем болыңдар, біз қастарыңдамыз», деп жазды ол.Ññ

Желі қолданушылары мен өнерсүйер қауым отбасының қайғысына ортақтасып, қолдау білдіруде. Бұған дейін ерлі-зайыптылар ұлдарының денсаулығына байланысты бірнеше жыл бойы күрескендерін айтып, оның сауығып кетуі үшін бар күш-жігерін салғандарын жеткізген еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0