Ақтөбеде мұғалім қаржы пирамидасын ұйымдастырған

Желтоқсан 2, 2025 - 09:26
Желтоқсан 2, 2025 - 09:27
 0  2
Ақтөбеде мұғалім қаржы пирамидасын ұйымдастырған
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе тұрғындарына скутерлерді жалға алып, күнделікті табыс табуды ұсынған заңгер мен математика пәнінің мұғаліміне сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Диапазон" ақпарат порталы.

Олар ақтөбеліктерге күн сайын кепілдендірілген төлем алуға уәде беріп, "Harmony Rider Technology" ( HRT) қаржы пирамидасына тартқан. Әлеуетті салымшыларға компания Колорадода орналасқанын, электр скутерлерін өндіруден және жалға беруден пайда табатынын айтқан.

Компанияның серіктесі болу үшін белгілі бір соманы инвестициялау, мобильді қосымшаға тіркелу, оған күн сайын кіру және электр скутерін қамтитын түймені басу қажет болған. 

Сөйтіп салымшылар Еуропаның әртүрлі елдерінде жұмыс істеген электр скутерлерін жалға алып, пайда таппақ болған. Ақтөбе HRT кеңсесі Алтынсарин көшесіндегі бұрынғы "Қазақстан" кинотеатрының ғимаратында орналасқан. Қаржы пирамидасы 2024 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде салымшылар оған 197 миллион теңге салған.

Пирамидаға адам тартқандардың бірі – заңгер, екіншісі – математика пәнінің мұғалімі. Сотта 20-дан астам жәбірленушіден жауап алынды. Сот заңгерді қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркіледі.

Математика пәнінің мұғалімі қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, оның да мүлкі тәркіленді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0