Алматыда баланың ішегінен магнитті ойыншықтар алынып, дер кезінде жасалған ота олардың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Хирург Азат Мамырасылдың айтуынша, бірінші жағдай кезінде кішкентай науқас ауруханаға ауыр халде түскен.
«Бала қабылдау бөліміне келгенде жағдайы өте ауыр болды. Ішегінен 13 ұсақ магнит анықталды. Балаға жедел түрде операция жасалды. Магниттер ас ішектен алынды. Операциядан кейін біраз уақыт реанимацияда дәрігерлердің бақылауында болды. Кейін бейіндік бөлімге ауыстырылды, ал бір аптадан соң денсаулығы жақсарып, үйіне шығарылды», – деді Азат Мамырасыл.