Алматылықтар Михаил Шайдоровты ерекше құрметпен күтіп алды
Алматы әуежайында жанкүйерлер мәнерлеп сырғанаудан Миландағы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты ерекше ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров Алматы қаласының тумасы. Чемпионды күтіп алуға арнайы келген жанкүйерлердің қарасы көп болды.
«Түн ортасында осылай мені қарсы алуға келгендердің барлығына үлкен алғысымды білдіргім келеді, Мен өте қуаныштымын. Алдыма қойған мақсаттарым көп. Мен мұнымен шектелмеймін. Алда үлкен жоспарлар бар және үлкен жеңістер де болады деп үміттенемін. Әрине, мен Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды кеңінен насихаттағым келеді, сондықтан спорт осы түріне балалар мүмкіндігінше көбірек келеді деп сенемін», – деді Михаил Шайдоров.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0