Әскери дәрігер қызмет бабын пайдалынып 41 науқасты зорлаған
АҚШ-та әскери дәрігер Майкл Стокин Вашингтон штатының Льюис-Маккорд әскери базасында 41 науқасқа жыныстық зорлық жасағаны үшін 13 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл АҚШ армиясының тарихындағы ең үлкен жыныстық зорлық-зомбылық оқиғасы.
Майор Строкинге қарсы 22 айғақ табылды. Сотталушы кінәсін мойындады. Сонымен қатар барлық лауазымынан айырылды. Майкл Стокиннің медициналық лицензиясы алынды. Ол жыныстық қылмыскерлер тізіміне кірді. Енді ол түрмеден шыққаннан кейін де қызметіне оралмайды әрі қаруын иелене алмайды.
Әскери бөлімге дәрігердің үстінен бірнеше рет шағым түскен. Алайда басшылық оның қызметін жалғастыруына кедергі келтірмеген. Сондықтан бірнеше зардап шеккен әскери қызметкер армиядан 5 миллион доллар өтемақы талап етіп отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?