Астанада экстремистік топ мүшелері ұсталды

Қаңтар 24, 2025 - 12:27
 0  47
Астанада экстремистік топ мүшелері ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

22 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада және Ақмола облысының Қосшы қаласында прокуратура органдарының үйлестіруімен 4 Қазақстан азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті. 

"Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деген күдікке ілініп отыр. Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген", - делінген комитет хабарламасында.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0