Аты аңызға айналған әлемдік жұлдыз Джеки Чан түсірілім үшін Маңғыстауға келді

Шілде 14, 2026 - 11:17
chat_bubble  0 visibility  6
Аты аңызға  айналған әлемдік жұлдыз Джеки Чан түсірілім үшін Маңғыстауға келді
Фото: Видеодан скрин

Әлемге әйгілі актер, режиссер, продюсер әрі жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чан жаңа халықаралық «Құдайдың сауыт-сайманы 4: Соңғы шешім» (Armour of God: Ultimatum) көркем фильмінің түсіріліміне қатысу үшін Маңғыстау облысына келді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әуе кемесінің трапында әлемдік кино жұлдызын Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қарсы алды.

Джеки Чан жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтып, Маңғыстаудың табиғи ландшафттарының кино түсіруге ерекше қолайлы екенін және олардың болашақ фильмнің жарқын бөлігіне айналатынын атап өтті.

Маңғыстаудың ауқымды халықаралық киножобаның негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде таңдалуы әлемдік киноиндустрияның Қазақстанның бірегей табиғи көріністеріне деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Фильмнің басты түсірілім орындарының бірі ретінде әлемге әйгілі Бозжыра шатқалы таңдалған.

«Құдайдың сауыт-сайманы 4: Соңғы шешім» (Armour of God: Ultimatum) жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Фильмнің өндірісімен қазақстандық Sәlem Entertainment компаниясы айналысады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0