БАҚ: Тәжікстан ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады
Ауғанстанмен шекарада болған бірқатар оқиғалардан кейін Тәжікстан Ресей және ҰҚШҰ-мен келіссөздерді жандандыра бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. Әңгіме жағдайды тұрақтандыру үшін қажет болатын әскери көмек жөнінде болып отыр.
Дереккөздердің мәліметінше, Душанбе маңында орналасқан Тәжікстандағы ресейлік әскери база күштерін тарту нұсқасы қарастырылып жатыр. Оң шешім қабылданған жағдайда, Ресей шекараны патрульдеу үшін тікұшақтарды да қолдануы мүмкін.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0