«Балам «мен өліп барам» деді де құлап түсті» - Лифтіде зардап шеккен баланың анасы

Астанада лифтіде зардап шеккен баланың анасы оқиғаның егжей-тегжейін айтып, кінәліні қатаң жазалауды өтінді, деп хабарлайды Orda.kz.
Зардап шеккен Батыр есімді бала дүкеннен үйіне қайтып келе жатқан. Анасы баласын дүкенге картоп әкелуге жұмсаған екен.
«Өзім кішкентай баламен үйде болдым. Терезеден қарап тұрдым, Батыр үйдің қоңырауын басты. Оған қол бұлғадым. Ал жасөспірім есіктің жанында тұрып, басқа қызға тиіскен екен. Батыр есікті ашқанда, онымен бірге кіреберіске, кейін лифтке жүгіріп кірген. Бұны видеодан көрсе болады», - дейді баланың анасы.
Әйелдің қансыраған баласы үйге өзі жетіп, кіреберісте құлап қалған. Ол 1-қабаттан 4-қабатқа дейін қансыраған күйде жеткен.
«Ол үйге кіріп, «мен өліп бара жатырмын, мені өлтірді» деді де жерге құлады. Оның бетінен қан атқылап жатты, бәрі қанға боялды. Шошып кеттім. Көршілерге қоңырау шалдым, ал олар дәрігерлерге хабарласты. Бақытымызға орай, көршіміз Жандос хирург еді, қан кеткенін тоқтатуға көмектесті, әйтпесе ұлым одан да көп қан жоғалтар еді. Содан кейін оны жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті», - дейді әйел.
Батырдың анасы баласы басқа баламен күрекке таласып қалған болар деп ойлаған. Видеоны кейінірек көріпті. Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, дәрігерлер ауруханада Батырдың бетін тіккен.
«Ауруханада бізге жүйкесі мен артериясы зақымдалғанын айтты. Түнде оның жағдайы ауыр болды. Бізді кіргізбеді. Енді палатаға ауыстырды, есін жиды. Оның сол жақ беті жұмыс істемейді, беті ісінген, оған қоса қант диабеті диагнозы қойылған еді, 1-түрі, оның қашан қалпына келетінін білмеймін», - дейді Батырдың анасы.
Әйел бұл жасөспірімді бұрын-соңды көрмегенін айтты. Зардап шеккен баланың анасы жасөспірімге ең қатаң жазаны талап етіп отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?






