«Байдың асын байғұс қызғанады»: Ринат Зайыт сыйлық алған түлектерді қолдады

Мамыр 28, 2026 - 16:42
app_badging Мамыр 28, 2026 - 17:06
chat_bubble  0 visibility  9
«Байдың асын байғұс қызғанады»: Ринат Зайыт сыйлық алған түлектерді қолдады
Коллаж: Sadaq.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт мектеп бітіру кешінде балаларына қымбат сыйлық сыйлаған ата-аналарды түсінуге болатынын айтып, түлектерді қолдады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Соңғы қоңырауда түлектердің алған сыйлықтарына байланысты қоғам екі тарапқа бөлінді. 

“Ата-анасы келіп қызына гүл берді дейік. Оның қай жері оғаш?! Қазақта жақсы сөз бар: “Байдың асын байғұс қызғанады”,-деген. Әркім жағдайының деңгейіне қарай болады. Кейбіреуінің жалғыз баласы болады. Кейбіреуінің Алладан тілеген, осы менің асыраушым болады, үздікке бітірсе екен дейді. Сол үмітті ақтап тұрған балаға неге істемеске?! Көпшіліктің алдында көрсете ме, көрсетпей ме –адамның жеке мәселесі. Біз оған қалай тыйым саламыз? Ондай заң жоқ”, – деді депутат.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0