«Бір апта уақытың бар»: Трамп Мадуродан елін тастап шығуды талап етті
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла жетекшісі Николас Мадуроға өз елін тастап шығу үшін жұма, 28 қарашаға дейін уақыт берген, ал бұл мерзім біткен соң Венесуэла әуе кеңістігін «жабатынын» жариялаған, деп хабарлайды Sadaq.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
«Трамп оның (Мадуроның - Ред.) көптеген талаптарын қабылдамай, 15 минутқа жетпейтін әңгіме барысында Мадуроға Венесуэладан кетіп, отбасы мүшелерімен бірге өз қалауынша кез келген бағытқа кету үшін бір апта уақыты бар екенін айтқан», — делінген материалда.
Трамп Мадуроға берген мерзім өткен жұмада аяқталған.
Дереккөздердің айтуынша, Трамппен әңгіме кезінде Мадуро өзіне және отбасы мүшелеріне толық амнистия беруді, сондай-ақ 100-ден астам венесуэлалық шенеунікке салынған санкцияларды алып тастауды талап еткен. Ол тіпті вице-президент Делси Родригестің жаңа сайлау өткенше Венесуэла үкіметін уақытша басқаруды ұсынғанын айтқан. Агенттік Трамп Мадуроның көптеген талаптарын қабылдамағанын атап өтеді, бірақ нақты қандай талаптар екенін ашып айтпайды.
Трамп пен Мадуро арасындағы телефон арқылы әңгіме 21 қарашада өткен, Ақ үй басшысы бір күн бұрын қоңыраудың болғанын растаған. The Wall Street Journal жазғандай, әңгіме барысында АҚШ президенті егер Мадуро қызметінен кетпесе, күш қолданатынын ескерткен.
Сенбі күні АҚШ көшбасшысы барлық әуе компанияларын Венесуэла үстіндегі және оның маңындағы әуе кеңістігін жабық деп санауға шақырды. Каракас сол күні бұл мәлімдемені қатты сынға алып, АҚШ-ты Венесуэла әуе кеңістігін құрметтеуге шақырып, БҰҰ мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) Вашингтонның мәлімдемесін айыптауды өтінген. Венесуэла бұл мәлімдемені күш қолдану қаупі деп санайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0