«Бірден үйге алып кеткіміз келеді»: Аман қалған сарбаздың ата-анасы өтінішін айтты

Қыркүйек 28, 2026 - 16:44
app_badging Қыркүйек 28, 2026 - 16:55
chat_bubble  0 visibility  16
«Бірден үйге алып кеткіміз келеді»: Аман қалған сарбаздың ата-анасы өтінішін айтты
Фото: Видеодан скрин

Маңғыстауда болған қайғылы жағдай кезінде аман қалған сарбаз Ақжол Темірәлиевтің ата-анасы  өтініштерін білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Ақжолдың анасы ұлы ауруханадан шыққан соң бірден үйіне алып кетуді сұрады. 

"Тіке үйге алып кетсем деймін. Баланы ар жаққа алып кетпей, осы жерден тек үйге алып кеткім келеді. Бізге басқа ештеңе керек емес", – деді  анасы. 

Әкесі баласының үшінші қазанда әскерден оралуы керек болғанын айтты.

"Қазанның үшінде қайтуы керек болған. Ол туралы кешегі сұхбатымда айттым. Әр түрлі қорқыныштар болды. Келген комиссия мүшелері марқұм болып кеткен сарбаздарға кіріп шығып жатыр. Біз де  үлгергенімізше кіріп шығып, көңілімізді айтып жатырмыз", – деді Ақжолдың әкесі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0