«Бірге әрекет еткен»: Алматы маңында бір үйдің үш келіні қамауға алынды
Алматыда қалта ұрлығын жасады деген күдікпен сыған ұлтының өкілдерінен құралған отбасылық топтың заңсыз әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ozgeris.info қалалық ПД-ға сілтеме жасап
Ведомство дерегінше, криминалдық полиция қызметкерлері қылмыстық схеманың соңғы, үшінші қатысушысын ұстады. Бұған дейін оның тағы екі сыбайласы қолға түскен болатын. Қазіргі уақытта үшеуі де қамауға алынды.
Тергеу мәліметінше, әйелдер алдын ала өзара рөлдерді бөлісіп, адам көп жиналатын орындарды таңдаған. Негізгі нысандары – базарлар, қоғамдық көлік және халық көп шоғырланатын өзге де орындар болған. Олар осы жерлерде ұялы телефондарды, ақша және алтын бұйымдарды ұрлаған. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, дәлелдемелер базасын жинақтап, қылмыстық топтың барлық қатысушыларын кезең-кезеңімен анықтады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандардың Алматы қаласы аумағында жасалған ондаған мүліктік қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Полицейлер олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0