Блогер Әділетхан Молдахан 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Шілде 14, 2026 - 16:04
 0  23
Блогер Әділетхан Молдахан 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатына қатысты видео жариялаған заңгер-блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ол Қылмыстық кодекстің 274-бабының 3-бөлігі ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар 5 жыл бойы блогерлік қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай мәлімдеді.

"Ағайын, өкінішке қарай, сот Әділетхан Молдаханды 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, сот үкіміне сәйкес, ол 5 жыл бойы блогерлік қызметпен айналыса алмайды. Алайда Әділетханның қорғаушылары бұл үкіммен келіспейтіндерін айтып, жақын күндері Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым түсіретіндерін мәлімдеді", – деді журналист.

Айта кетейік, Әділетхан Молдаханға Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты жариялаған видеосынан кейін жалған ақпарат таратты деген айып тағылған болатын.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0