«Бұрын-соңды болмаған күшпен жауап қайтарамыз!»: Трамп Иранға сес көрсетті

Наурыз 1, 2026 - 14:46
 0  0
«Бұрын-соңды болмаған күшпен жауап қайтарамыз!»: Трамп Иранға сес көрсетті
Фото: ВВС

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды жауап соққы жасаудан сақтандырды. Бұл туралы Sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Трамп Иранның жауап соққысын жасау туралы мәлімдемесіне жауап берді. Ол мұны Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

“Иран бүгін бұрын-соңды болмаған, күшті соққы жасайтынын мәлімдеді. Олар бұлай істемегені дұрыс. Егер олай жасаса, біз оларға бұрын-соңды болмаған күшпен жауап қайтарамыз! Бұл мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет”, – деп жазды АҚШ басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) елдің Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи өлтірілген соң “Иран қарулы күштері тарихындағы ең жойқын шабуыл операциясын” бастауға уәде берген еді. Ел үкіметі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялап, 7 күнді демалыс күндері деп белгіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0